ҚХР Коммунистік партиясы аймақтық бөлімінің жанында жарылыс болды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Шаньси провинциясының астанасы Тайюань қаласында Қытай Коммунистік партиясы аймақтық бөлімі ғимаратының жанында бірнеше жарылыс болды, деп хабарлады РБК.
None
None

Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы 7:40-та орын алған. Бұған куә болғандар 7 рет жарылыс дыбысы естілгенін айтуда, деп хабарлады South China Morning Post.

Шаньси провинциясы әкімшілігінің сайтында жарылыстар шағын құрылғының көмегімен жасалған деп жазады. Оның cалдарынан 1 адам жарақаттанып, 2 көлік жарылды.

Билік өкілдері оқиға орнына жуық маңда орналасқан көшелерді қоршауға алуды тапсырды.

Еске сала кетейік, 29 қазан күні Бейжіңде Тяньаньмэнь аумағында лаңкестік жасалды. 3 адам отырған көлік бір топ адамға соғылып, сол жерде жарылды. Оның салдарынан 2 адам опат болды, 40-қа жуық адам зардап шекті. Көліктегі ер адам, оның анасы мен әйелі қаза болды. Машинаның нөмірлік белгісі Шыңжаң ұйғыр автономдық ауданына тиесілі болған. Қытай бұл оқыс оқиғаны ұйғыр сепаратистерінен көріп отыр.

Соңғы жаңалықтар