ҚХР Мемкеңесінің сарапшысы: Қазақстан - сарабдал экономикалық саясат ұстанатын беделді азиялық мемлекет

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан - сарабдал экономикалық саясат жүргізетін беделді азиялық мемлекет. Бұл туралы қазақстандық журналистерге берген сұхбатында ҚХР Мемкеңесінің дамуды зерттеу орталығы жанындағы Еуропа мен Азияның әлеуметтік даму институты бас хатшысының орынбасары Ян Сянхун (Yang Xianghong) мәлім етті.

ҚХР Мемкеңесінің сарапшысы: Қазақстан - сарабдал экономикалық саясат ұстанатын беделді азиялық мемлекет

«Бұл Қазақстан экономикасының дамуының объективті бағасы деп есептеймін. Елдің Азиядағы беделі артып келеді, онда табиғи ресурстардың қоры мол, Қазақстан Азия аймағындағы маңызды энергетикалық база. Соңғы жылдары ҚР экономикалық құрылымдарының реформалары көптеген жетістіктерге жетті, басқару және менеджмент сапасы артып келеді», - деді ол Дүниежүзілік экономикалық форумның 2015-2016 жылдарға құрылған жаһандық бәсекелестік рейтингінде Қазақстанның 42-ші орын алуына қатысты мәлімдеме жасай отырып.

Сарапшы жаһандық қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан қиындықтарға тап болғанын атап өтті. «Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» және қытайлық «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын жүзеге асыру арқылы бұл қиындықтардан өтуге болады деген сенімдемін. Мемлекеттеріміздің басшыларының талаптары арқасында бұл қиындықтардан өтіп, сауда-экономикалық және өзге салалардағы қатынас нығаятынына сенемін», - деп атап өтті Ян Сянхун.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі, сонымен қатар салыстырыла тексерілген экономикалық жоспарлауы қазақстандық экономиканың әрі қарай өсуіне жәрдемдеседі. «Н.Назарбаевтың мемлекеттің экономикалық дамуына қатысты стратегиялық көрегендігі елді Азияның оңтүстік-шығысындағы және өзге де елдерден ерекшелеп тұрады. Қазақстан - экономикалық саясаты сарабдал беделді азиялық мемлекет», - деп түйіндеді сарапшы.