ҚХР Мемлекеттік кеңесі қуаңшылықпен күресуге бір миллард АҚШ долларынан астам қаражат бөледі

БЕЙЖІҢ 10 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Үкіметі соңғы 60 жылда болған ең қиын қуаңшылықтың салдарымен күресу үшін бір миллиард АҚШ долларынан астам қаражат жұмсайды.
None
None

Астық өндіруші негізгі сегіз провинцияға қуаңшылық зардабы тиген. Олардың барлығы бірігіп Қытайда күздік бидайдың 80 пайызын өндірген. Ресми статистика сүйенсек, 2,75 млн.-ға жуық адам мен 2,79 млн. мал басы судан тапшылық көріп отыр.

Өткен сәрсенбі күні жарияланған Қытай ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасында айтылғандай, жалпы алғанда елдің сегіз провинциясында құрғақшылық салдарынан қыстық астық салынатын 7,8 млн. гектар жер зардап шеккен.

Соңғы бірнеше айда Қытайда астық бағасы күрт қымбаттап кетті. 2011 жылдың қаңтар айында елдегі ұн бағасы 8 пайыздан астам бағаға қымбаттады.

Өткен аптада ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мен ел премьері Вэнь Цзябао зардап шеккен аудандарға сапар жасап, құрғақшылықпен күресуде жан-жақты күш салуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар