08:54, 02 Маусым 2015 | GMT +5
ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян апат аймағына шұғыл аттанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Янцзы өзенінде кеменің апатқа ұшырауына байланысты маңызды нұсқаулар берді, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян кеме апаты болған жерге шұғыл аттанды, деп хабарлайды «Синьхуа».

Дүйсенбі күні Бейжің уақыты бойынша шамамен сағат 21:30-да Янцзы өзенінде Шығыс Қытайдың Цзянсу провинциясының әкімшілік орталығы Нанкин қаласынан Чунцинға (оңтүстік-батыс Қытай) бара жатқан кеме апатқа ұшырады. Оның ішінде 458 адам болған, соның ішінде 406 турист, туристік компанияның 5 қызметкері және экипаждың 47 мүшесі болған. Оқиға ауа райының қолайсыздығынан, құйыннан болған деген болжам айтылды.
Оқиға орнына Ли Кэцян, вице-премьер Ма Кай, Мемлекеттік кеңес мүшесі Ян Цзин және тиісті ведомстволардың басшылары барды. Қазіргі кезде іздеу-құтқару іс-қимылдары жалғастырылып жатыр.