ҚХР полициясы жоғалған балаларды іздеу үшін мобильді қосымшаны іске қосты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай полициясы жоғалған немесе ұрланған балаларды табуға көмектесетін арнайы мобильді қосымшаны іске қосты.
Синьхуа агенттігі хабарлағандай, бала ұрланған немесе жоғалған жерге жақын тұрған пайдаланушы қосымша арқылы бала туралы ақпарат, соның ішінде суреті мен оқиғаның мән-жайы туралы мәліметті ала алады. Куәгер баланы көрген жағдайда ол полицияға хабар бере алады.
Алдағы уақытта қосымшаның функциялары артады. Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігікриминалдық тергеу басқармасына сәйкес ондағы мәліметті осындай балаларды іздеумен айналысатын 5 мың полиция қызметі жаңартып отырады.
Жоғалған немесе ұрланған балаларды іздеуге неғұрлым көп азаматты тарту үшін полиция БАҚ-пен және өзге де мобильді қосымшаны шығарушылармен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлады РИА Новости.