ҚХР режиссері Чжан Имоуға 7 баласы үшін айыппұл салмақ

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қытай өкімет орындары ең танымал қытай режиссерлерінің бірі, жеті баланың әкесі Чжан Имоуға қатысты бала тууылуын шектеу саясатын бұзғаны үшін тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлады Қытай Компартиясының "Жэнминь Жибао" газеті.
None
None


Оған ең жоғары 26.05 млн. доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, бұл Чжанның жылдық кірісінен екі есе асып түседі.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, режиссердің жеті баласы екі некеден және екі некеден тыс байланыстан туған.

61 жастағы Чжан Имоу көптеген танымал киноленталардың авторы, сонымен қатар ол 2008 жылғы Бейжіңде өткен Олимпиада ашылуы салтанатының қоюшысы болған.

Оның соңғы жұмыстарының бірі - Қытайдың бұрынғы астанасы Нанкинді жапондықтардың жаулап алуын баяндайтын "Соғыс гүлдері" драмасына голливудтық актер Кристиан Бейл түскен.

Соңғы жаңалықтар