ҚХР ШҰАА жер сілкінді, зардап шеккендер жоқ

БЕЙЖІҢ. 23 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Өткен жексенбі, 22 мамырда Бейжің уақыты бойынша 18 сағат 52 минутта ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Байчэн уезінде Рихтер шкаласы бойынша 4,5 балдық жер сілкінісі болды,

ҚХР ШҰАА жер сілкінді, зардап шеккендер жоқ

деп хабарлады Қытай сейсмологиялық қызметі.

Оның хабарлауынша, жерасты сілкінісінің ошағы шамамен 4 шақырым тереңдікте орын алды.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер жоқ.

ҚХР ШҰАА Байчэн уезі қазақстандық-қытай шекарасынан 180 шақырым жерде орналасқан.