ҚХР ШҰАӨ-де су тасқынынан зардап шеккендердің саны 20 мың адамға жетті

БЕЙЖІҢ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Алтай округінде су тасқыны салдарынан 20 мыңға жуық жергілікті тұрғын зардап шекті, деп хабарлады бүгін жергілікті билік өкілдері.
None
None

Биыл толассыз жауған қар мен ауа райының күрт жылынуы Шыңжаңның солтүстік бөлігіндегі қытайлық Алтай аумағында су тасқынының орын алуына әкеп соқты. Алтай округінің 20 мыңға жуық тұрғын тұратын екі уезіндегі елді мекендерді су басып қалды.

Су басқан елді мекендерден 565 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, 900-ден астам үй мен құрылыс қирап, зақымданды. Табиғи апаттан келген экономикалық шығын 10 млн.-ға жуық юаньді құрайды.

Соңғы жаңалықтар