ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесіне келетін шетелдік туристердің 70 пайызын қазақстандықтар құрайды

БЕЙЖІҢ. 1 тамыз. ҚазАқпарат - ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесіне туристер ағымы алғашқы жартыжылдықта 28 пайызға өсіп, 22,25 млн. адамға жетіп отыр, деп хабарлайды өлкенің туризм басқармасынан.

ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесіне келетін шетелдік туристердің 70 пайызын қазақстандықтар құрайды

Осы уақыт аралығында туризмнен түскен табыс 3,86 млрд. долларды құрап, өткен 2012 жылдағы дәл осы кезеңмен салыстырғанада 23 пайызға өскен.

Шыңжаңға саяхат жасаған қытайлық туристер саны 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 21,62 млн. адамға жеткен, олардың 50 пайыздан астамы бұл өлкеге өз көліктерімен саяхат жасағанды қалайды.

Ал ҚХР ШҰАӨ-ге саяхат жасаған шетелдік туристердің 70 пайызын қазақстандықтар құрайды, деп атап өтуде жергілікті билік өкілдері.

2012 жылғы мәліметтер бойынша, ШҰАӨ-ге саяхат жасаған туристер саны 48,6 млн. адамға жетіп, туризмнен түскен табыс 57,6 млрд. юаньды (9,5 млрд. доллар) құрап отыр.