ҚХР СІМ басшысы Корея түбегінде соғысқа жол бермеуге шақырды

БЕЙЖІҢ. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Корея түбегінде соғысты болдырмау барлық тараптардың ортақ мүддесіне сай келеді, деп мәлімдеді ҚХР СІМ басшысы Ян Цзечи кеше қытай парламентінің өтіп жатқан жыл сайынғы сессиясы ауқымындағы баспасөз мәслихатында.
None
None

«Корея түбегіндегі ядролық проблеманы тиісті реттеу, бейбітшілік пен тұрақтылықты ұстап тұру барлық тараптардың бірлескен міндеті болып табылады», - деп атап өтті Ян Цзечи.

Қытай сыртқы істер министрінің айтуынша, Пхеньян өткізген үшінші ядролық сынақ түбекте шиеленісті өрістетуде, «біз бұлай болуын қаламаймыз» деді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған қарар КХДР-дағы ядролық сынақтарға қарсылықты жақтайтын халықаралық қоғамдастықтың ұстанымын білдіреді, деп атап көрсетті Ян Цзечи. «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері диалог пен келіссөздер арқылы Корея түбегіндегі ядролық проблеманы бейбіт шешу жолын табуға уәде берді, алтытараптық келіссөздерді қолдайтыны туралы тағы да мәлімдеді және оны қайта жалғастыруға шақырды», деп хабарлады ҚХР СІМ басшысы.

Ян Цзечи мүдделі тараптарды «салқынқандылық сақтап, жағдайдың ушығуына әкеп соғатын іс-қимылдардан бас тартуға» шақырды.

Еске сала кетейік, КХДР Оңтүстік Кореямен өзара шабуыл жасамау туралы келісімді үзді. Өткен бейсенбіде, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі КХДР бойынша қарардың жобасын бірауыздан мақұлдады, ол Пхеньянға қарсы санкцияларды қатайтуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар