ҚХР СІМ Пәкістанда ұрланған екі Қытай азаматының қаза тапқанын растады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР СІМ өкілі Хуа Чуньин Пәкістанда мамыр айында ұрланған екі Қытай азаматының қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Синьхуа.

ҚХР СІМ Пәкістанда ұрланған екі Қытай азаматының қаза тапқанын растады

Хуа Чуньиннің айтуынша, екі адам ұрланғаннан кейін Қытай Сыртқы істер министрлігі, Пәкістан елшілігі мен консулдығы шұғыл әрекет ету тетігін іске қосып, пәкістандық тараппен тығыз қарым-қатынасты жолға қойған.

«Қытай Пәкістанға қаскүнемдерді іздеуді жалғастырады  және мүмкіндігінше тезірек заңның барлық қатал жазаларын қолданады деген сенімде».