ҚХР СІМ шет елдерді «бір Қытай» ұстанымында болуға шақырады
БЕЙЖІҢ. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Сыртқы Істер министірлігі сауда-экономика саласында шет елдер мен Тайван арасындағы байланыс мәселесі бойынша Қытайдың ұстанымы өзгеріссіз және нақты екенін растады.
«Біз мүдделілік танытқан елдерді бұрынғыдай «бір Қытай» ұстанымында болып, сәйкес істерді абайлап реттеуге шақырамыз», - деді Сингапур мен Тайванның экономикалық келісім жасау мәселесі жөнінде кеңес өткізуге қатысты жоспарларына талдау жасаған ҚХР СІМ ресми өкілі Цзян Юй.