08:01, 23 Маусым 2010 | GMT +5
ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында шошқа аусылы шықты
БЕЙЖІҢ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (Қытайдың солтүстік батысы) Корла қаласында О типті шошқа аусылы тіркелді.

Бұл туралы ҚХР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз-кеңсесі хабарлайды.
Корла қаласындағы бір шаруашылықта маусымның 10-ы күні 83 бас шошқаның аусыл жұқтыру мүмкін деген оқиғасы тіркелген. Ауру ошағынан эпидемия анықталған соң, оның залалын жою бойынша қолданған шаралар барысында 1 280 шошқа сойылды. Қытай Ауыл шаруашылығы министрлігінің өтінішімен қазіргі таңда жағдай қадағалауға алынды.