ҚХР соты өмір бойына бас бостандығынан айырылған Бо Силайдың үкімін қайта қарайды

БЕЙЖІҢ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қытай соты сыбайлас жемқорлық жасады және билігін асыра пайдаланды деген айыппен партияның бұрынғы жоғары шенеунігі Бо Силайды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешімін қайта қарауға келісті, деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.
None
None

Бо Силай сот процесінің барысында өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, жоғарғы сотқа шағым түсірді.

Биылғы жылдың тамыз айында өткен сот процесі барысында оның 22,44 млн. юань көлемінде пара алғаны, мемлекеттік қордан 5 млн.юань ұрлағаны, британ азаматының өліміне байланысты билікті асыра пайдаланғаны дәлелденген болатын.

Сот шешіміне сәйкес, Бо Силай саяси құқықтарынан өмір бойына айырылып, оның жеке активтері тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар