ҚХР Сычуан провинциясында жер сілкінісі салдарынан 11 адам жарақат алды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР Сычуан оңтүстік-батыс провинциясындағы Цзинькоухэ уезінің Лэшань қаласында орын алған жер сілкінісі салдарынан 11 адам түрлі ауырлық дәрежесінде жарақат алды, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
None
None

Қытай сейсмологиялық стансасы орталығының деректеріне сүйенсек, магнитудасы 5 балл жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 11.21-де орын алды. Жер асты дүмпуінің кіндігі координаттары 29,3 градус с.е. және 103,3 градус ш.ұ. нүктесінде орын алды. Гипоорталық 14 шақырым тереңдікте байқалды.

Жер сілкінісінен 10 мыңан астам үй қирады. Салдарынан 11 мың адам зардап шекті, жер асты дүмпуі провинцияның көптеген аудандарында, оның ішінде Чэнду әкімшілік орталығында сезілді.

Өңірде 4 жолаушылар және 10 жүк пойыздары тоқтатылды. Қозғалыс темір жол жағдайын тексергеннен кейін жаңартылады.

Еске салсақ, 2008 жылы мамырда 8 балдық жер сілкінісінен 100 мыңға жуық адам қаза тауып немесе хабар-ошарсыз кеткен болатын, бұл өңір қытайдағы сейсмикалық белсенді аймақтардың біріне жатады.

Соңғы жаңалықтар