ҚХР Төрағасы «азиялық-тыныхмұхиттық арманды» жүзеге асыруға шақырды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай астанасында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық қауымдастығы саммитінде «азиялық-тыныхмұхиттық арманды» жүзеге асыруға шақырды, деп хабарлады Синьхуа.
ҚХР төрағасының пікірінше, ол арман Азия-Тынық мұхиты елдерінің бейбітшілікке негізделген бір мақсатта дамуы сондай-ақ, тараптарға пайдалы ынтымақтастық пен аймақтың өркендеуі үшін біріге қызмет ету.
Сонымен қатар, Си Цзиньпин «арман» дегенде экономикалық белсенділікті меңзеп отырғанын айтты. «Еркін сауда аймағы, инвестициялар тарту және болашақ ұрпақтың дамуына жағдай жасау - сол арманды жүзеге асыру», - деді ол.
Еске сала кетейік, Бейжіңдегі саммит 5 қараша күні басталған. Мұнда лауазымды тұлғалар қатысып, мемлекет басшыларына берілетін қорытынды ұсыныстарды мақұлдады.
7-8 қарашада қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері бас қосты. Негізгі шаралар 9-10 қарашаға жоспарланған. Бұл күндері қатысушы мемлекеттердің басшылары кездесулер өткізуде.