ҚХР төрағасы Орталық Азияға сапарлайды
БЕЙЖІҢ. 27 тамыз. ҚазАқпарат - ҚХР жаңа төрағасы Си Цзиньпин 3-13 қыркүйек аралығында Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Қытайдың Сыртқы істер министрлігінен.
Сонымен қатар, 5 - 6 қыркүйекте Си Цзиньпин Санкт-Петерборда өтетін G20 саммитіне және 13 қыркүйекте Бішкекте жоспарланған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының 13-ші кеңесіне қатысады.