21:03, 07 Маусым 2017 | GMT +5
ҚХР Төрағасы ресми сапармен Астанаға келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинь Қазақстанға ресми сапармен ұшып келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жоғары мәртебелі қонақты әуежайдан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мамин мен ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қарсы алды.


Еске сала кетейік, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинь Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен 7-10 мамыр аралығында Қазақстанда ресми сапармен болады. Сапар барысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына қатысады.