Киберқауіпсіздікпен айналысатын ресейлік компания Астанада кеңсесін ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Астана" халықаралық қаржы орталығында  киберқауіпсіздікпен айналысатын ресейлік компания кеңсесін ашады. Бұл туралы бүгін Astana Finance Days сессиясында Ресей Жинақ банкі басшысы Герман Греф айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Киберқауіпсіздікпен айналысатын ресейлік компания Астанада кеңсесін ашады

"Киберқауіпсіздікпен айналысатын еншілес "Бизон" компаниямыз қазақстандық нарықта да белсенді жұмыс істеп жатыр. Ол "Қазақтелеком" компаниясымен жан-жақты ынтымақтастықты жолға қойған. Компания шешім қабылдады. Яғни, Директорлар кеңесі барлық алғышартты, қабылданған құжаттарды, инвесторларға ұсынылған мүмкіншіліктерді зерделеп шығып, қыркүйек айында "Астана" халықаралық қаржы орталығында өзінің кеңсесін ашатын болады",-  деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта компания АХҚО-да нақты орналасу үшін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Меніңше, инвесторлар дәл осы орталықта болу үшін алғашқы қадамдарын жасап, жұмыстарын бастаулары қажет", - деді Герман Греф.