Киберқауіпсіздікпен айналысатын жеке құрылым қажет болуы мүмкін – маман пікірі

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізге киберқауіпсіздікпен айналысуға өкілеттігі бар жеке құрылым қажет болуы мүмкін. Бұл туралы Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының басшысы Олжас Сәтиев айтты.

киберпреступность
Фото: pixabay.com

«Біз стартаптар еліміз әрі алға шыққымыз келеді. Бәрін жылдам жасаймыз, тез іске қосамыз. Өкінішке қарай, кейде киберқауіпсіздік мәселесіне барынша байыпты қарамаймыз. Тіпті, банкоматтан ақша шешіп алудан бөлек карталарды енді ғана дұрыс пайдалана бастап едік. Қазір ешкім де қолма- қол ақша ұстамайтын болды. Технологиялардағы осындай жаңа құбылыстардың барлығы бізге киберқауіпсіздікті күшейту қажеттін түсіндіруі тиіс. Мүмкін киберқауіпсіздікпен айналысуға өкілеттігі бар жеке құрылым қажет шығар», - деді ол Цифрлық даму министрлігі ұйымдастырған брифингте.

Оның дерегінше, елімізде ІТ-бюджетінің 1-ден 3 пайызына дейін ғана киберқауіпсіздікке бөлінеді. Ал әлемдік тәжірибеде ол 10 пайызға жетеді.

«Тек азаматтар ғана емес, ірі компаниялардың басшылары да қазіргі бәрі де қалыпты көрінетін шынайы жағдайда өмір сүріп жатқанымызды түсінуі тиіс. Бұл Джеймс Бонд жайындағы қандай да бір фильм емес. Кибер-топтар АҚШ, Ресей, Қытай, Корея сынды көптеген елде бар. Тіпті, Солтүстік Кореяның өзінде әлемдегі ең мықтылардың бірі саналатын хакерлік топ бар, олар кибертыңшылықпен айналысады», - деді Олжас Сәтиев.

Соңғы жаңалықтар