Киберқылмысқа бірлесе қарсы тұру мәселесі ТүркПА жиынында талқыланып жатыр

БАКУ-АНКАРА. ҚазАқпарат - Кибернетикалық қылмысқа (киберқылмыс) бірлесе қарсы тұру және осы саладағы ұлттық заңнамаларды жетілдіру мәселесі ТүркПА-ның Анкара қаласында 17-18 мамырда өтіп жатқан Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар комиссиясының кезекті бесінші жиналысында талқылануда.

Киберқылмысқа бірлесе қарсы тұру мәселесі ТүркПА жиынында талқыланып жатыр

Іс-шараға комиссия төрағасы, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты Халүк Ипек төрағалық етті Қазақстаннан барған парламенттік делегацияның құрамында Парламент Мәжілісі депутаты Нұрлан Дулатбеков пен сенатор Бақтыбай Шелпеков бар.

Өз сөзінде депутат Нұрлан Дулатбеков Қазақстан Республикасында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жаңа Қылмыстық кодекстің енгенін және бұл құжаттың жаһандану үрдісі тереңдеп бара жатқан қазіргі кезеңдегі қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызын және оның киберқылмыс мәселесін де қамтитынын кеңінен айтып өтті.
Жиналыс барысында комиссия баяндамасының жобасы мен ұсыныстары талқыланды.

Берік Хамидов