Кибершабуылға ұшыраған салымшылардың қаржысы қандай жағдайда қайтарылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында кибершабуылға ұшыраған салымшылардың қаржысы қай жағдайда қайтатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Кибершабуылдар мәселесімен жақында ғана айналыса бастадық. Қаржылық саладағы прогрестердің кері тұстары да бар. Осы жағдайда Ұлттық банк прогреспен қатар технологиялардың қауіпсіздігін де қамтамасыз ету керек. Осы бағытта Ұлттық банк қаржы нарығы қатысушыларымен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Ақпарат алмасу, коммуникациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар беріп жатыр», -  деді Ақышев.

Бас банкир салымшылардың ақшасы қайту-қайтпауы әр жағдайға байланысты деді.

«Егер ақпараттың таралуына клиент өзі кінәлі болса және бұл жерде банктің кінәсі жоқ екені анықталса,  ол ақша қайтпайды», - деді ол.

Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында азаматтардың сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар