Kids Go Free бағдарламасымен 1,6 мың бала тегін саяхаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінге дейін «Kids go free» бағдарламасын 800-ге жуық отбасы пайдаланды. Мұны Үкімет отырысында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: media.cntraveler.com

«Кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және бизнесті қолдау мақсатында өткен жылдан бастап мемлекеттік қолдаудың 7 жаңа шарасы қолданысқа енгізілді. Бүгінге дейін «Kids go free» бағдарламасын 800-ге жуық отбасы пайдаланды. Соның арқасында 1,6 мың бала ел бойынша тегін саяхаттауға мүмкіндік алды. Биыл осы бағдарламамен 2 есе көп баланы қамтуды жоспарлап отырмыз», - деп мәлім етті министр.

Асхат Ораловтың сөзінше, қазір ведомство гидтер мен экскурсоводтардың бірыңғай тізілімін цифрландырумен айналысуда.

«Бұл шешім гидтерді үнемі жетілдіруге, біліктілігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ынталандырады. Сонымен қатар туристерде туындаған сұрақтарды жедел түрде шешу үшін біз «i-Tourist» ақпараттық байланыс орталығын құруды ұсынамыз», - деп сөзін түйіндеді министр.


Соңғы жаңалықтар