Киелі Қағбада болған қазақстандықтар оралды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Жидда - Алматы бағытындағы ұшақпен киелі Қағбада болған бір топ қажы Алматыға оралды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңға дейін Мәдина қаласында орналасқан Қағбаға тек төрт қазақстандық азамат кірген болатын. Олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мұсылмандар діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Әбсәттар Дербісәлі, Сауд Арабстанындағы елші Бағдат Әміреев және «Нұр-Қазақстан» фирмасының басшысы Амангелді Еренғайып.

«Жақында Сауд Арабстанының королі бір қатар мұсылман елдерінің өкілдеріне Қағбаға кіруге рұқсат берген еді, біздің елден ондай шақырту Амангелді Еренғайыпқа бұйырды. Олар Қағбада екі сағаттай болған. Онда тілеген тілектер міндетті түрде орындалады деп айтылады», дейді Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбек.

Соңғы жаңалықтар