«Киелі қазақ жерінде бейбітшіліктің тамаша үлгісін көрсетуде өзге ұлт өкілдерінің де үлесі бар» - «Славяне» ҰМО жетекшісі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Және жыл бойы барлық іс-шараларды осы маңызды оқиға белгісімен өткізу керектігін айтты.
None
None

Сонымен қатар, Үкіметке Ассамблеямен бірлесе отырып, ҚХА жылын және Конституцияның жиырма жылдығы мерейтойын өткізу бойынша ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуді міндеттеді. Осыған байланысты алдағы жылы Астанада Қазақстан халқы форумын өткізуге дайындалуды ұсынды. Бұл басқосуда еліміздегі достық пен келісімді нығайту жолындағы еліміздің көпжылдық жұмысымыздың қорытындысын жасайтын боламыз. ҚазАқпарат тілшісімен болған сұхбат барысында Қызылорда облысының «Славяне» ұлттық-мәдени орталығы» бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова осындай пікір білдірді.

«Елорда төрінде «Қазақстан-2050 стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясына қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені, жылына бір рет болатын сессия жұмысында Ассамблеяның мүшелері, Парламент депутаттары, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық комиссия басшылары және шетелдік қонақтар бас қосады. Биылғы сессия отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұрақтылық пен келісімді сақтау - әрбір әкімнің, әрбір басшының, әрбір азаматтың күнделікті жұмысы болуы керектігін атап өтті. Ассамблея әрдайым уақыттан қалыспай, тәуелсіздігіміз тарихының, тағдырының шешуші сәттерінде оның қолдауы өзекті болды. Өзінің бірлік пен ынтымақтастық басты құндылықтар екендігін айтудан ешқашан жалықпайтынын да мәлімдеді. «Ең дамыған 30 елдің қатарына кіру - бұл барша қазақстандықтардың басты мақсаты, ортақ тағдыры», - деді Н.Назарбаев. «Ортақ тағдыр» деген сөзде қанша мағына жатыр»,-деп бір түйіндеді сөзін ұлттық-мәдени орталық жетекшісі.

«Бүгінде жүздеген ұлттың басын бір шаңырақта қосып отырған киелі қазақ жерінде бейбітшіліктің тамаша үлгісін көрсетуге өзге ұлт өкілдерінің де үлесі бар екені белгілі. Сондықтан Елбасы татулық пен тыныштық арқылы экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты артатынын тағы бір еске салды. Кезекті сессия отырысына қатысушылар Қазақстан Президентінің салиқалы саясаты, оны бүкіл халықтың қолдауы - Отанымыздың кемел болашағының кепілі бола алатынына сенім білдірді. Соңында барлығы бірауыздан Ассамблея республика халқын ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға, экстремизмге, надандыққа және зорлыққа бірлесіп қарсы тұруға шақырған Үндеуді қабылдады. Осындай жиындағы тарихи сәтке куә болу қуаныш, әрі үлкен жауапкершілік деп білемін», - деп қорытты сөзін Г.Щербакова.

Соңғы жаңалықтар