Киелі Отырар жерінде де наурыз мерекесіне орай ұлан асыр той болып өтті
Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы саналатын наурыз мекересіне орай ұйымастырылған шара аудан орталығында өтті. Бұл күні жергілікті халық орталық алаңға жиналып, қазақы дәстүр мен ұлттық құндылықтың зор үлгісін дәріптеді.
Әжелер наурыз көжесін ұсынып, жастар жағы ән мен жырдан маржан төкті. Күннің көзі де күлімдеп, отырарлықтарға жылы шуағын сыйлады. Наурызға жиналған көпшілікке бұл күн ерекше әсер қалдырды.
Отырардың тарих тезіне шыдап берген шаһарында қолөнер бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Салт-дәстүрден сахналық көріністер қойылып, мерекелік концерт ұсынылды.
Сондай-ақ асық ату, көкпар тарту, қошқар көтеру сияқты ұлттық ойындар ойнатылды. Бұл күні жыл үздіктері анықталып, арнайы марапатқа қол жеткізді. Осылайша, қыстан қысылмай шыққан отырарлықтар Ұлыстың ұлы күнін ерекше тойлады.