Kieli Tabigat: елімізде экологиялық акция өтті

Еліміздің барлық өңірінде «Kieli Tabigat» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және ақпарат министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Kieli Tabigat: елімізде экологиялық акция өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен 16 қыркүйек күні еліміздің барлық өңірінде сакралды нысандарды және ұлттық табиғат парктерінің аумағын тазалауға бағытталған «Kieli Tabigat» республикалық экоакциясы бастау алды.


Экоакцияға 2 мыңнан астам адам қолдау білдіріп, қатысты. Атап айтсақ, мәдениет саласының қайраткерлері Лейло Бекназар, Құрмаш Маханов, Асылхан Шалхаров, Әміре Ахмедьяров, Рухия Байдукенова, Сырымтай Енсепов, Зарина Алтынбекова.

Республикалық жастар ұйымдарынан: Ассамблея жастары, Қазақстан студенттер Альянсы, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, жастар ресурстық орталықтары, сонымен қатар барлық өңірде мәдениет саласының қайраткерлері және эстрада жұлдыздары қатысты.

Экоакция аясында тазалау жұмыстары еліміздің киелі, сакралды нысандары: Қожа-Ахмет Ясауи кесенесі, Айша-Бибі кесенесі, «Сығанақ» қалашығы, «Бозоқ» қалашығы және Шарын, Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай, Ұлытау ұлттық табиғи парктері мен мемориалды кешендерінде өткізілді.

Акцияның мақсаты – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сакралды және ұлттық табиғи парктер, тарихи-мәдени орындарда өзін дұрыс ұстау экологиялық мәдениетін дамыту.



валюта
Ұқсас жаңалықтар

Апта басында доллар бағамы қандай