18:29, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Киев хаттамаға қол қойды
МӘСКЕУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Киев Еуропаның қысымымен хаттамаға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. Қазір Еуроодаққа төрағалық етіп отырған Чехия өнеркәсіп және сауда министрі Мартин Ржиман Украинаның келісілген құжат мәтініне декларацияға сілтеме жасамай-ақ қол қойғанын қуаттады. Бұған дейін Украина декларацияға сілтеме жасап, Ресейден транзитті қамтамасыз ету үшін күніне 21 миллион текшеметр газды тегін беруін талап еткен болатын.Журналистердің таяудағы уақыттарда әуелі қандай қадамдар жасалатыны туралы сұрағына РФ Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков алдымен «Украина аумағы арқылы газ транзитінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет» екендігін айтты. Оның айтуынша, РФ вице-премьері Игор Сечин мен «Газпром» басшысы Алексей Миллер Еуроодақ елдері энергетика министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Брюссельге ұшып шықты. Олар еуропалық әріптестеріне Ресей ұстанымын түсіндіріп, таяудағы күндер мен сағаттарда еуропалық тұтынушыларға газ жеткізуді қалпына келтіру жолдарын талқыламақ», - деді Д.Песков.