«Киев-Қостанай» жаңа әуе бағыты ашылды
МИНСК-КИЕВ. 13 маусым. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Сенбі, 11 маусымда Украинаның «Борисполь» (Киев) әуежайынан немістің Штутгард қаласына және Қазақстанның Қостанай қаласына екі жаңа бағыт ашылды.
Бұл туралы Украинаның Инфрақұрылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екі бағытқа да ірі ұлттық әуетасымалдаушы - украиналық «АэроСвит» компаниясы қызмет көрсететін болады.
Қостанайға ұшу аптасына екі рет - сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Штутгартқа аптасына төрт рейс ұшады.