Киев мэріне психиатриялық сараптама тағайындалды

КИЕВ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат - Киев мэрі Леонид Черновецкийге психиатриялық сараптама тағайындалды.
None
None
Қала өкіметінің қызметін тексерумен айналысып жатқан Жоғарғы Раданың уақытша комиссиясы осындай ұсынысты бірауыздан қолдады. Комиссия Киев әкімшілігі жол беруі ықтимал конституция мен заңдарды бұзу фактілерін анықтаумен айналысуда. Оның мүшелері, Украина елордасының басшылығы заңға қайшы келетін шешімдер қабылдағандығына сенімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. Ал қала басшысының бірінші орынбасарының мәлімдемесі бойынша, бірде-бір комиссия Киев әкімшілігінің қызметінен ешқандай заң бұзушылық таба алмайды, себебі барлығы заңға сай. Естеріңізге сала кетейік, Леонид Черновецкий өзінің әдеттен тыс әрекеттерімен аты шыққан тұлға. Оның осындай іс-әрекеттері оның қарсыластарына шенеуніктің ақыл-есінің түзулігіне күмән келтіруге себеп болып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум