21:21, 19 Сәуір 2011 | GMT +5
Киев саммиті аясында Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссияның Президенті Жозе Мануэль Баррозумен кездесті
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Киев саммиті аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Комиссияның Президенті Жозе Мануэль Баррозумен кездесті,
деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Тараптар саммиттің күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Кездесу барысында Еуропалық Комиссияның Президенті Жозе Мануэль Баррозу Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтады. Ол Қазақстан ЕО-тың Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі болып табылатынын атап өтті және ЕҚ пен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың өзекті қорытындысы мен стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне тоқталды.