Киев тұрғыны автомобиліне газды терезе арқылы ас үйдегі құбырынан құяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Киев тұрғындарының бірі көлігіне газ құюдың аса қауіпті амалын ойлап тапты.
None
None

Әлеуметтік желілер мен украиналық БАҚ-та Киевте Перов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде бірінші қабаттағы пәтерді жалға алған елдің «шығысынан келген босқын» пәтерге түрлі станоктар орнатып, оны цехқа айналдырғаны жазылуда.

"Көлігіне газды терезе арқылы ас үйдегі газ құбырынан құяды. Көршілердің наразылығына пысқырып та қарамайды", - деп жазды "Фейсбукте" сол үйде тұратын Михаил Малиновский.

Оның сөзіне қарағанда, үйдің кіреберісінде газ иісі мүңкіп тұр. Тұрғындар жарылыс болады деп қауіптенеді. Олар ұжымдық шағым да жасады, алайда сөздеріне сенсек, милиция еш шара қабылдамай жатыр.

Бұл үрдіс бейнеленген видеоны көршілер YouTube желісіне орналастырды.

Соңғы жаңалықтар