Киевте Бүкілдүниежүзілік газеттер ұйымының бас директоры Кристофер Рисс ұсталды
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Президент Виктор Януковичтің шақыруы бойынша Украинаға келген Бүкілдүниежүзілік газеттер ұйымының бас директоры Кристофер Риссті Киевте милиция ұстап алды. Бұл жөнінде «Украинская правда» газеті хабарлайды.
Рисспен бірге INMA компаниясының өкілі Ян Вагнер де ұсталды. Милиционерлер оларды Жеңіс саябағында экскурсияда жүрген кезінде тоқтатып, құжаттарын көрсетуді сұраған. Аудармашы мен жол көрсетуші төлқұжаттарын ұсынған, ал Рисс пен Вагнер - ұқсастық карталарын көрсеткен. Мұндай карталарды жеке басын растайтын құжат ретінде Еуроодақ елдерінде пайдалануға болады.
Дегенмен, Киев милиционерлері аталған картаны жеткіліксіз деп түсініп, шетелдіктерді милиция бөліміне алып келген. Осы жерде ғана Рисстің аудармашысы аталған картаның құжат ретінде танылатына тәртіп сақшыларының көзін жеткізе алған. Оның айтуынша, түсіндіру шараларына 20 минуттен артық уақыт кеткен. Содан кейін ғана милиционерлер Рисс пен Вагнерді босатқан.
Украина ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, шетелдіктерді ұстау фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.