Киевте миллиционер оққа ұшты, тағы екеуі радикалдардың қолында қалды

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Киев милициясы құқық қорғау органы қызметкерінің оққа ұшқанын хабарлады. Басына оқ атылған милиция қызметкерінің мәйіті Украина астанасының Голосеевский ауданынан табылған.

Киевте миллиционер оққа ұшты, тағы екеуі радикалдардың қолында қалды

Зардап шеккен қызметкер Голосеевский аудандық милияция басқармасының мемлекетік қарауыл қызметінің 27 жастағы жұмысшысы болып шықты. Ол жақын маңдағы «Беркут» жатақханасында тұрған. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

ІІМ мәліметтері бойынша, Тәуелсіздік Майданында өткен күні белсенділер тағы үш құқық қорғаушыны ұстап алған. Милиция таратқан мәліметте полицейлердің біріне пышақ сұғылғаны айтылды.

Басып алынған құқық қорғаушыларды қалалық әкімшіліктің ғимаратында ұстап отырған. Қазір жараланған қызметкер босатылып, ауруханада жатыр, оған көмек көрсетілуде. Тағы екі милиция қызметкерінің тағдыры белгісіз, деп хабарлады РБК.