Киевте наразылық акциясының 50 қатысушысы ұсталды

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Украина Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Киевте милициямен қақтығысқа белсене қатысқан 50 адам құрықталды.

Киевте наразылық акциясының 50 қатысушысы ұсталды

Украина ІІМ сайтының мәліметіне қарағанда, Грушевский көшесіндегі қақтығыстан кейін құқық қорғау органдарының 163 қызметкері медициналық көмекке жүгініп, оның 80-ні ауруханаға жатқызылды.

Өз кезегінде оппозиция өкілдері Киев орталығындағы жанжал кезінде бірнеше жүздеген азаматтың жарақат алғанын алға тартуда.