Киевтегі тәртіпсіздіктерден кейін 250-ден астам сақшы медициналық көмекке жүгінді

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Киевтің Грушевский көшесіндегі тәртіпсіздіктерден кейін құқық қорғау органдарының 254 қызметкері медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады Украина ІІМ баспасөз қызметінен.

Киевтегі тәртіпсіздіктерден кейін 250-ден астам сақшы медициналық көмекке жүгінді

«Грушевский көшесіндегі оқиғалардан кейін 254 құқық қорғаушы медициналық көмекке жүгінді, оның 104-і ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушілерге бас сүйек-миының зақымдануы, сүйек сынуы, күйіп қалу, пышақ жарақаты, белгісіз заттан улану диагноздары қойылды», - делінген хабарламада.