Киевтегі жарылыстан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – Дархан Қалетаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше Киев телемұранасы маңында жарылыс болды. Ал Қазақстан Елшілігі соққы жасалған жерден 800 метр ғана қашықта орналасқан. Осы оқиғаға байланысты Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Қалетаев отандық БАҚ-қа коментарий берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұның үстіне Лукьяновка ауданында, жанымызда түні бойы автомат дауысы естіліп тұрды. Бүкіл азаматтарымыз жанымызда, жертөледе болды. Қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Меніңше, елшілікке ешкім тиіспейді. Ең бастысы - қаңғыған снаряд тиіп кетпесе болды», - деді Дархан Калетаев.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта Қазақстан елшілігін эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатпағанын айтты.

«Егер қазір біз кетіп қалсақ, отанына оралып үлгермеген қазақстандықтар не істейді? Иә, қазір де мәселен автобустарды жөнелтуге 1 сағат уақыт қалғанда адамдар қоңырау шалып, не істеу керектігін сұрап жатады. Өйткені, адамдар әртүрлі өңірде жүр. Көшілігі, тіпті бізге, Киевке де жете алмай отыр. Біз кетіп қалсақ, олардың күні не болмақ?», - деді Қазақстан Елшісі.


Соңғы жаңалықтар