Киік күйлеу маусымына жүргізілген мониторинг жұмысы аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда киіктердің күйлеу маусымына жүргізілген мониторинг жұмысы аяқталды. Мониторинг жасы орташа киіктердің құрамын анықтау үшін жүргізіледі, себебі дәл сол санаттағы киіктер түз тағысының популяциясын айқындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның биоалуандықты сақтау қауымдастығының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Мониторинг жұмысы желтоқсанның 10 мен 21 аралығында Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында жүргізілген. Киіктің 88 мыңы кездесіп, оның ішінде жасы орташа құрамы 31 784 екені анықталған.

«Жынысжасты аталықтардың құрамы 2020 жылы (2019 жылғы көрсеткіш жақша ішінде көрсетілген) – оралдық популяцияда 1:6 (1:15), бетпақдалалық популяцияда 1:8 (1:10), үстірттік популяцияда 1:11 (1:5) көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда жыныстық тұрғыда үстірттік популцияны есептемегенде оң динамика байқалады. Бұған өткен жылы есеп кеш жүргізілгені себеп болып отыр» делінген хабарламада.

Мониторинг жұмысына Қазақстанның биоалуандықты сақтау қауымдастығы мамандарымен қатар, «Охотзоопром» қызметкерлері, Ырғыз-Торғай резерваты мен облыстық орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі басқармаларының аумақтық инспекциялары атсалысқан.


Соңғы жаңалықтар