«Киік толғауы» мультфильмі халықаралық кинофестивальға қатысады

АЛМАТЫ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Қазақстандық «Киік толғауы» мультфильмі Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтетін «Жасыл көзқарас» халықаралық экологиялық фильмдер фестиваліне қатыспақ,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қарашаның 23-27-сі аралығында өткізілетін аталмыш фестивальде бағын сынайтын туындыны Seimar Social Fund қайырымдылық қорының қаржылық қолдау көрсетуімен Шымкент қаласының «Анимастер» студиясы шығарған. 

 «Жануарлар туралы осындай формада баяндау балалардың бойына мейірімділік, жанашырлық сезімдерін ұялатады. Осы шығармада жақсылық пен жамандықтың шекарасы айқын бедерленген. Мультфильмді көрген бала ертең өскенде киік пен басқа да жануарларға қол көтермей өтетініне үміт артамыз»,  дейді фильмнің режиссері Мақсұт Жәрімбетов.

 Биылдың өзінде осы туынды тағы бір фестивальге қатысып үлгерген болатын. Маусым айында Ханты-Мансийск қаласында өткен «Құтқару және қорғау» халықаралық экологиялық телевизиялық фестивалінен «Киік толғауы» мультфильмі «Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарлама» аталымы бойынша ең үздік деп танылды.

 «Киік толғауы» 2006 жылы жарық көрді. Сценарийін жазған - Татьяна Жәрімбетова, режиссері - Мақсұт Жәрімбетов, продюсері - Мартин Ленк. Жалпы «Анимастер» студиясы 2004 жылдан бері «Алдар көсе мен шайтандар» мультфильмін және «Сақаулар шоуы», «Балалар Конституциясы» мультипликациялық сериалдарын көрермен назарына ұсынды.

Соңғы жаңалықтар