Киіктердің қырылып жатқан аймақтары зымырандардың құлайтын аудандарынан тым алыс - Аэроғарыш комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Киіктердің қырылып жатқан аймақтары зымырандардың құлайтын аудандарынан тым алыс.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының комитет отырысында ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабеков мәлім етті.

«Киік жөнінде, әрине, бұл киіктердің қырылуы экологиялық мәселеге де байланысты болуы мүмкін. Оның ішінде ғарыш айлағымен байланысты болуы ықтимал, бірақ киіктердің қырылып жатқан аймақтарын қарасақ, ол біздің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылып жатқан зымырандардың құлайтын, әсер ететін аудандарынан тым алыс. Ондай аудандар Қарағанды облысында. Ал киіктің қырылып жатқаны Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облысында орын алуда. Соған қарағанда, тікелей байланыс жоқ деп ойлаймын. Бірақ қазір біз соны зерттеп қарауымыз керек», - деді ол сенаторлардың сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша қырылған киіктердің саны 100 мыңға таяп қалды.

Соңғы жаңалықтар