Киіз үй отқа оранды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Талас облысында өрт кезінде киіз үй отқа оранды. Бұл туралы КирТАГ Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Киіз үй отқа оранды

«Бақай-Ата ауданындағы  Боо-Терек ауылында 13 шілдеде шамамен сағат 22:50 өрт болды. Салдарынан аумағы 20 шаршы метрді құрайтын киіз үй отқа оранды. Тілсіз жау бір сағаттың ішінде ауыздықталды», - деп хабарлады ТЖМ.

Келеңсіз жағдайға тұрмыстық газды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылуы себеп болды.