ҚИК БАҚ өкілдері арасында байқау жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК) бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Нұрлы жол бағдарламасы: Арендалық тұрғын үй» республикалық конкурсын жариялады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

ҚИК БАҚ өкілдері арасында байқау жариялады

Конкурс ҚИК мемлекеттік институтының қолдауымен арендалық тұрғын үйге қатысты мәселелерді жан-жақты және объективті түсіндіруге БАҚ назарын аудару, тұрғын үй мәселелеріне арналған оқиғаларды түсіндіретін тілшілер мен редакция ұжымдарының шығармашылық қызметін ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 қарашаға дейін қоса алғанда, баспа БАҚ немесе интернет-ресурстарда, теле- немесе радиоарналарда жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар қабылданады.

Конкурсқа тікелей жұмыстардың авторлары, шығармашылық ұйымдар, баспа БАҚ-ның редакциялары, телерадиокомпаниялар және ұйымдастыру-құқықтық формаларына тәуелсіз БАҚ саласында қызмет ететін өзге де ұйым өкілдері қатыса алады.

Конкурстық жұмыстар келесі аталымдар бойынша бағаланады: үздік телесюжет, үздік радиосюжет (репортаж), үздік баспа материалы және үздік интернет-материал. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға құнды жүлделер табысталады.

Материалдар Алматы қаласы Қарасай батыр көшесі, 98 (ҚИК), Астана қаласы Тұран даңғылы, 18 (Астана қ. өкілдігі) мекенжайлары бойынша 2016 жылғы 16 қарашаға дейін «Тілшілер конкурсына» белгісімен қабылданады.