Килиан Мбаппе Мадридтің «Реал» клубына ауысты

АСТАНА. KAZINFORM – Дүйсенбіде «Реал Мадрид» француз шабуылшысы Килиан Мбаппені келесі бес маусымға сатып алғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Еuronews.

Мбаппе
Фото: REUTERS

Алайда футболшының жаңа клубтағы тұсаукесері жазда Германияда өтетін Еуропа чемпионатында Франция құрамасы сапында өнер көрсеткеннен кейін ғана өтеді.

Бұл мәлімдеме Лондондағы «Уэмблиде» өткен финалда «Реал» дортмундтық «Боруссияны» 2:0 есебімен жеңіп, 15-ші Еуропа кубогын жеңіп алған соң екі күннен кейін жасалды.

25 жастағы Мбаппе «Париж-Сен-Жерменнен» кететінін ресми түрде мамыр айында жариялады, ал клубқа бұл туралы ақпан айында хабарлаған. 

Форвард Париж командасына 2017 жылы 180 млн еуроға ауысып, 256 гол соғып, ПСЖ рекордшысы атанды.

Соңғы жаңалықтар