12:56, 11 Шілде 2024 | GMT +5
Килиан Мбаппе «Реалда» қай нөмірмен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM – Мадридтің «Реал» командасының басшылығы бірқатар ойыншының жейдесіндегі сандардың өзгергенін хабарлады.

«Реалдың» жұлдызды жаңа ойыншысы Килиан Мбаппе 9 нөмірді иеленетін болды.
Сондай-ақ, бұған дейін 12 нөмірмен алаңға шығып келген Эдуард Камавинга енді 6 нөмірлі жейдені киеді.
Федерико Вальверде 8-ші, ал Аурельен Чуамени 14-ші нөмірді алды.
Арда Гүлер 15-ші, Хесус Вальехо 18-ші нөмірмен команда намысын қорғайды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Килиан Мбаппенің Мадридтің «Реал» клубына ауысқанын жазған едік.