Килиан Мбаппенің қос голы әлем чемпионатында Францияға жеңіс сыйлады

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Франция мен Сенегал кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

Килиан Мбаппенің қос голы әлем чемпионатында Францияға жеңіс сыйлады
Фото: championat.ru

I тобында сынға түсіп жатқан қос құрама сапында тәжірибелі футболшылар аз емес. Сондықтан жанкүйерлер тарапынан ойынға ерекше қызығушылық болғаны рас.

Кездесу барысында алғашқы минуттан сенегалдық футболшылардың белсенділігі байқалды. Десе де оған франциялық құрама лайықты тойтарыс бере білді.
Екінші кезеңде алдымен Килиан Мбаппе 66-минутта есеп ашса, Брэдли Баркола 82-минутта басымдықты арттыра түсті.

Ал 95-минутта сенегалдық Ибрагим Мбайе өз мүмкіндігін мүлт жібермесе, оған франциялық Килиан Мбаппе 96-минутта тағы бір голмен жауап қайырды.
Кездесу барысында Франция қарсыласын 3:1 есебімен қапы қалдырды.

Айта кетсек, қазірге дейін екі құрама бір мәрте кездесті. 2002 жылы әлем чемпионатының финалдық сатысының финалдық кезеңінде франциялық футболшылар қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберген еді.

Енді бұл топта 03:00–де Норвегия және Ирак құрамалары жасыл алаңға шығады.
Енді Франция 23 маусымда Ирак, 26 маусымда Норвегиямен кездеседі. Сенегалдықтар 23 маусымда Норвегия, 26 маусымда Иракпен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында Бельгия футбол құрамасы Мысырмен тең түсті.