Қылмыс әлемінің серкесі «Серік голова» қайтыс болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Серік голова» лақап атымен танылған Серік Жаманаев қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды.

Скончался криминальный авторитет Серик Голова
Фото: Видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сотталған Жаманаев 2024 жылдың желтоқсан айында түзеу мекемесіне ауыстырылған.

— Ол келген соң бірден толық медициналық тексеруден өтті. Диагнозы: бауыр ісігі, үшінші саты. Осы кезден бастап ол үнемі дәрігерлердің бақылауында болды. Сотталушы бірнеше рет тексерілу және емделу үшін медициналық мекемелерге жеткізілді. 8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қолданылған шараларға қарамастан ол 25 сәуірде қайтыс болды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, қылмыс әлемінде «Серік-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев 2021 жылы 19 жылға сотталған болатын. Жаманаев 1996 жылы Ресейдің Сочи қаласында «вор в законе» деген мәртебе алған. Ол өткен жылдың ақпанында ҰҚК мен ІІМ-нің бірлесіп жүргізген операциясы кезінде қолға түсті.

Соңғы жаңалықтар