Кілт сынып, тонаушылардың арам ойлары іске аспай қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде банк тонаушылардың әрекеті сәтсіз аяқталды. Екі ұры кассаның құлпын ашпақ болған кезде кілті сынып кеткен.
Қарақшылар 5 наурызда кешке таман Люсиновский көшесіндегі банкті тонамақшы болған. «Қылмыскерлер қарумен қорқытып, қызметкерден кілтті тартып алған да кассаға кіретін есікті ашпаққа әрекеттенген. Алайда кілт сынып, құлыптың саңылауында қалып қойды», деп хабарлайды РСН.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәскеу полициясы баукеспе ұрыларға іздеу жарияланды.