Ким Чен Ир американдық журналистерге рақымшылық жасады

АСТАНА.  Тамыздың  5-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея  басшысы Ким Чен Ир  американдық  екі   журналистке   рақымшылық жасап,  оларды  түрмеден босату  туралы    бұйрық   берді,

Ким Чен Ир  американдық   журналистерге рақымшылық жасады

деп  хабарлайды Associated Press агенттігі солтүстіккорейлік  бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме  жасап.

Ким Чен Ир бұл шешімді    АҚШ-тың  экс-президенті Билл Клинтонның  Солтүстік Кореяға  сапары кезінде    қабылдады.  Бұған дейін   хабарланғандай,    бейресми мәліметтер бойынша,  Б.Клинтонның  Пхеньянға    сапарының  негізгі мақсаты      журналистерді  босату  жөніндегі келіссөз өткізу  болған.

Естеріңізге  сала  кетейік,   маусым  айында Корея  Халық Демократиялық  Республикасының  өкіметі  Қытаймен     шекарада  ұсталған американдық  журналистер  Юн Ли мен  Лору Лингті   солтүстіккорей    ұлтына  қарсы  «ауыр қылмыстар»   жасағаны  және   ел шекарасын  заңсыз кесіп өткені  үшін  кінәлі  деп танып,   оларды 12 жылға түзету жұмыстарына    кескен  болатын. Калифорниялық Current TV  телекомпаниясына  жұмыс істейтін   журналист  қыздарды     солтүстіккорейлік шекарашылар  Қытай мен  Корея  Халық  Демократиялық  Республикасының   шекарасында  ағымдағы жылы наурыздың 16-сында ұстаған болатын.