Ким Чен Ир Бейжіңнен қаржылай көмек сұрап отыр

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ир Бейжіңге келді. ВВС телекомпаниясының хабарлауынша, Қытайда сапармен жүрген солтүстіккорей мемлекетінің басшысы мінген автоколонна Бейжіңдегі Үлкен Съездер сарайына ат басын тіреген. Онда ресми қабылдау болады деп күтілуде.
None
None

Қытай өкіметі Ким Чен Ирдің сапары туралы фактіні жасырып отыр. Ким Чен Ир сырт елдерге сирек сапар жасайды. Оның Қытайға соңғы сапары 2006 жылы өткен болатын. Оның ресми сапарлары туралы, әдетте, сапар аяқталғаннан кейін хабарланады.

Көптеген сарапшылар, Солтүстік Корея өзінің соңғы одақтасы болып қалып отырған Қытайдан қаржылай көмекке мұқтаж, деп пайымдайды

Соңғы жаңалықтар