Ким Чен Ир қатерлі ісікпен ауырып жатыр - оңтүстіккорейлік телеарна

ПХЕНЬЯН.  Шілденің 14-і. ҚазАқпарат -  Солтүстік Корея  басшысы Ким Чен Ир ұйқы безінің қатерлі ісігімен  ауырып  жатыр.  Бұл туралы    оңтүстіккорейлік     Уат-ти-ви  телеарнасы   ешқандай дерек көзге сілтемесіз  жасалған    қысқаша жедел     хабарламасында  мәлім етті, 
None
None

деп  хабарлайды ҚазАқпарат   ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

АҚШ  және Оңтүстік Корея   барлау  қызметтерінің   хабарлауынша,    өткен  жылдың  тамыз  айында     Ким Чен Ир  инсульт болып,   жартылай сал  болып  қалған   еді.     Соңғы  бірнеше ай  бойы  ол    елордада емес,       елдің  шығыс жағалауында  орналасқан   Вонсан қаласындағы        жеке  үйде  тұрып келеді,  деген пайымдаулар  айтылуда.   

Шілденің 8-інде  Пхеньян  орталық телеарнасы    ел басшысы Ким Чен Ирдің    әкесі -  Корея Халық  Демократиялық  Республикасының  негізін қалаушы   Ким Ир Сеннің  қайтыс болуының 15  жылдығына  орайластырылған   бейнежазбаны көрсетті.  Онда      Солтүстік Кореяның басшысы   аурушаң  және жүдеу   болып көрінген.

Соңғы жаңалықтар